• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

"Бір ел - бір кітап" акциясы

"Бір ел - бір кітап" - 2014

саый2014 жылы ел болып оқу үшін Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары ең көп дауыс жинап, жыл кітабы болып таңдалды. 

Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның...» атты повестерін оқуға, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында өткізілетін шараларға белсене қатысуға шақырамыз.

Cайын Мұратбеков  (1936-2007) 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылыМәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында«Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар  одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. [[Қазақстан Жазушылар одағы]]ның хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасыныңдиректоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.

Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, Әзірбайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.

Аударма саласында Әнуар Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған.

«Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006).

Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі. Жазушының шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзірбайжан, литва, араб тілдерінде жарық көрген. 



Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің ...

Жаңалыққа өту  

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ...

Жаңалыққа өту  

2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам ...

Жаңалыққа өту  

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы бойынша ҚАЗҰЭК-сы kazneb.kz порталындағы электронды нұсқалары Поэзия ...

Жаңалыққа өту  

 Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы Қазақстанның екі көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың" Аңыздың ақыры "романы мен Әбділда ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырман! «Бір ел – бір кітап – 2018» Республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат ...

Жаңалыққа өту  

Жыл кітабы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ...

Жаңалыққа өту  

2016 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша  таңдалған жазушы  Дулат Бабатайұлы таңдалынды. Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу